Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

IBA әйелдер боксында қорғаныс шлемін қолданудан бас тартты

Жарияланған күні:

Боксшы Ада Велес
Боксшы Ада Велес. Фото: Al Bello/Allsport/Getty Images

Әлемдік бокс ассоциациясы (IBA) әйелдер арасындағы бокс кездесулерінде қорғаныс шлемдерін қолданудан бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IBA ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешім ұйым басшыларының Сочида өткен жиынында қабылданды. Жаңа ереже үш айдан кейін енгізілмек. Осы жылдың маусым айынан бастап шешім ресми түрде күшіне енеді.

Бұдан бөлек жиналыста IBA ұйымы Бразилия бокс конфедерациясын уақытша ұйым мүшесі ретінде бекітті. Сондай-ақ 2025 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Белград қаласында өтетін болды.

Айта кетейік, жекпе-жекке шлемсіз шығу туралы ереже ерлер арасындағы әуесқой бокста 2013 жылы енгізілген еді. Алғаш рет 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қолданылды. Кейін Рио-де-Жанейродағы Жазғы Олимпиада ойындарында (2016) былғары қолғап шеберлері шлемсіз жұдырықтасқан болатын.

Материал авторы: Жәнібек Есенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2064621-iba-aielder-boksynda-qorganys-slemin-qoldanudan-bas-tartty/