Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен "Канело" арасындағы төртінші жекпе-жек туралы тосын мәлімдеме жасалды

Жарияланған күні:

"Канело" мен Головкин
"Канело" мен Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ақпанда Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бірақ кәсіпқой спортшы мансабын аяқтаған жоқ. Геннадий рингке оралуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ worldboxingnews.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш сайт редакторы Фил Джей отандасымыздың алдағы жекпе-жектері туралы айтты.

"Геннадий Головкин лауазымды қызметке сайланғанына қарамастан, жекпе-жекке ұсыныс қабылдауға қарсы емес. Себебі ол соңғы кездесуін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізсе де, мансабын әлі ресми аяқтамады. Головкин рингке оралуы ықтимал", – деді Фил Джей.

Спорт сарапшысы қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі титул үшін болатынын алға тартты.

"Егер Геннадий тағы бір жекпе-жек өткізуге келіссе, супер орта немесе жартылай ауыр салмаққа ауысады. Өзіміз білетіндей, "Канело" 168 фунт салмақ дәрежесіндегі 4 белбеудің иегері. Головкинге титул иелену үшін дереу 175 фунт дивизионына көшіп, чемпиондармен жекпе-жек өткізуі керек. Ол өз мансабында бірнеше чемпиондық белбеуге ие болған. Кез-келген бокс ұйымы оның үздіктердің қатарына болғанына қарсы болмас еді. Егер Головкин спорттан кетуді ұйғарса, бұл да дұрыс шешім. Ол өз заманының ең үздіктерінің бірі. Мен оны соңғы он жылдағы үздік 5 былғары қолғап шеберінің қатарына қоса аламын", – дейді автор өз сөзінде.

Еске салайық, отандасымыз Геннадий Головкин 2022 жылдың қыркүйек айынан бері жұдырықтаспады. Соңғы жекпе-жегінде әйгілі мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жеңілген болатын. Трилогиядан кейін қазақстандық орта салмақтағы WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша белдіктерінен айырылды.

Материал авторы: Жәнібек Есенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2064652-golovkin-men-kanelo-arasyndagy-tortinsi-zekpe-zek-turaly-tosyn-malimdeme-zasaldy/