Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай биыл Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Айбек Оралбай (92 келі) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалында жұдырықтасты. Оның қарсыласы америкалық боксшы Джамар Талли болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді (5:0).
Осылайша Айбек Оралбай бокстан Қазақстан құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының үшінші жолдамасын салды. Өткен жылы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Олимпиада лицензиясына ие болған еді.
Бүгін, 11 наурызда төмендегі қазақстандық боксшылар Олимпиада жолдамасына таласады:
- 19:30 – 75 келі. Валентина Хальзова – Синди Нгамба (Ұлыбритания);
- 23:00 – 50 келі. Алуа Балқыбекова – Карина Макси Клецер (Германия);
- 00:00 – 51 келі. Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания);
- 00:30 – 57 келі. Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан);
- 00:45 – 71 келі. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан);
- 01:30 – 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2066352-qazaqstandyq-bokssy-olimpiada-oiyndaryna-zoldama-zenip-aldy/