Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан лицензиялық турнир: Валентина Хальзова ширек финалда жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Валентина Хальзова
Валентина Хальзова. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Валентина Хальзова (75 келі) шешуші жекпе-жекте Ұлыбритания өкілі Синди Нгамбамен жұдырықтасты. Кездесу барысында Хальзова үш рет нокдаун алып, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасына жолдамадан қағылды.

Еске салайық, осыған дейін Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясына ие болған еді. Ол Италиядағы турнирдің ширек финалында америкалық боксшы Джамар Таллиден төрешілердің шешімімен басым түсті. Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 3 лицензиясы бар.

Бүгін, 11 наурызда тағы 5 қазақстандық боксшы Олимпиада жолдамасына таласады:

  • 50 келі. Алуа Балқыбекова – Карина Макси Клецер (Германия), 23:00;
  • 51 келі. Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания), 00:00;
  • 57 келі. Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан), 00:30;
  • 71 келі. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан), 00:45;
  • 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия), 01:30.

Барлық жекпе-жек Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2066421-bokstan-licenziyalyq-turnir-valentina-xalzova-sirek-finalda-zenilip-qaldy/