Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас турнирінде қазақстандық боксшы Асылжан Серікбай алтын жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асылжан Серікбай турнирдің финалында украиналық боксшы Денис Поздольскиймен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Асылжан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен ұтты.
Еске салайық, қазақстандық тоғыз боксшы Литвада өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты. Бірінші болып шаршы алаңға көтерілген Нұрсұлтан Алтынбек украиналық қарсыласы Иван Завадскийге есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі.
Айта кетейік, Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы барған. Бұл жарысқа Қазақстаннан 11 былғары қолғап шебері аттанған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2072601-qazaqstandyq-bokssy-litvadagy-turnirde-altyn-medal-zenip-aldy/