Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы ресми түрде өзге елдің азаматы атанды

Жарияланған күні:

Владислава Кухта
Владислава Кухта. Фото: olympic.kz

Бокстан екі мәрте Қазақстан чемпионы Владислава Кухта ресми түрде Мажарстан азаматтығын алды. Бұл туралы боксшы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владислава Кухта 2020 және 2022 жылдары Қазақстан чемпионатында алтын жүлде иеленген. Сондай-ақ ол – 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

"Ресми түрде Мажарстан азаматы атандым! Енді халықаралық жарыстарда осы елдің намысын қорғай аламын. Маған сенген және Олимпиадалық арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Мажарстан үкіметі мен Halker-Kiraly team клубына алғыс айтамын! Бұл мен үшін үлкен қадам. Қуанышты да мұңды жағдай. Қазақстанды мен қатты жақсы көремін. Қазақстан әрдайым менің Отаным болып қалады.

Әрі қарай мені қандай тағдыр күтіп тұрғанын білмеймін, бірақ мен қолымнан келетіннің бәрін жасаймын. Бүгін мен мақсатыма тағы бір қадам жақындадым", – деп жазды Владислава Кухта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2077943-bokstan-qazaqstannyn-eki-durkin-cempiony-resmi-turde-ozge-eldin-azamaty-atandy/