Бокстан лицензиялық жарысқа баратын спортшыларды анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Спаррингтік жекпе-жектер 8-10 сәуір аралығында Астанадағы бокс орталығында өтеді. Ерлер арасында спаррингтер 63,5 кг салмақ дәрежесінде ұйымдастырылмақ. Бұл салмақта 5 боксшы сынға түседі. Ал әйелдер арасында спаррингтер 50 кг, 54 кг, 66 кг және 75 кг салмақ дәрежелерінде өтеді.
Жарыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшылар анықталады.
Ерлер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде спаррингтік жарыстың жеребе қорытындысы:
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ертуған Зейнуллинов;
- Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов;
- Жандос Қыдыралиев жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Базарбайұлы мен Зейнуллинов арасындағы жекпе-жекте жеңген боксшымен жұдырықтасады.
Әйелдер арасында спаррингтік турнирдің жеребе қорытындысы:
50 кг:
Назым Қызайбай – Алуа Балқыбекова.
54 кг:
- Балауса Мұздыман – Жайна Шекербекова;
- Элина Базарова – Ұлжан Сәрсенбек;
- Дина Жоламан – Сымбат Әлиасқар;
- Cания Сұлтанқызы – Анель Сақыш;
66 кг:
- Дариға Шәкімова – Наталья Богданова;
- Лаура Есенкелді – Жасмин Қизатова;
- Милана Сафронова жарысты екінші айналымнан бастайды.
75 кг:
- Гүлсая Ержан – Жібек Жарасқызы;
- Валентина Хальзова жарысты екінші айналымнан бастайды.
Айта кетейік, қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі) лицензия жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2080355-temirzanov-pen-bekbauov-zekpe-zekke-sygadysparringtik-turnirdin-zerebesi-tartyldy/