Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі секунданты болды: бес баланың анасы бокстан "Елорда кубогында" өнер көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Олжас Сәттібаев жұбайына қолдау көрсетіп жатыр
Олжас Сәттібаев жұбайына қолдау көрсетіп жатыр. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бес баланың анасы және былғары қолғап шебері Айгерім Сәттібаева Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогынде" бақ сынады. Оған жұбайы Олжас Сәттібаев қолдау көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айгерім Сәттібаева жарыстың жартылай финалында Өзбекстан өкілі Сайдахон Рахмоновамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы басым түсті.

Жекпе-жек барысында Сәттібаеваның секунданты болып жұбайы, танымал боксшы Олжас Сәттібаев қолдау көрсетті. Олжас Сәттібаев – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қатысушысы, 2015 жылғы Азия чемпионы. Ерлі-зайыпты бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, "Елорда кубогының" финалына Қазақстан әйелдер құрамасынан Анель Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) сияқты боксшылар жолдама алды.

Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2102408-kuieui-sekundanty-boldy-bes-balanyng-anasy-bokstan-elorda-kubogynda-oner-korsetti-video/