Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Бибосынов жекпе-жекке шықпай-ақ халықаралық турнирдің алтын медалін жеңіп алды

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде алтын жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

51 кг салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов финалда отандасы Дамир Әбдіқадырмен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ Дамир қолын жарақаттап алғанына байланысты рингке шықпады. Осылайша, Бибосынов автоматты түрде жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, "Елорда кубогінің" жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

26 жастағы Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2102807-saken-bibosynov-zhekpe-zhekke-shyqpai-aq-altyn-medal-zhengip-aldy/