Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады (видео)

Жарияланған күні:

Римма Волосенко
Римма Волосенко (сол жақта). Фото: t.me/boxing_kazakhstan

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы кезеңінен өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әйелдер арасында 60 кг салмақта бақ сынап жатқан Римма Волосенко бірінші айналымда германиялық Мария Ганглбауерді жеңді. Енді Римма келесі кезеңде үндістандық Анкушита Боромен жұдырықтасады.

Айта кетейік, осыған дейін Назым Қызайбай мен Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы қарсыластарын ұтқан еді.

Бүгін, 27 мамырда тағы бір қазақстандық боксшы қыз Валентина Хальзова рингке шығады. Оның қарсыласы Украина өкілі – Каролина Махно.

Бангкоктегі лицензиялық турнир 2 маусымға дейін жалғасады. Бұл - Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы жарыс. Әзірге бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2107530-qazaqstandyq-boksshy-olimpiadaga-irikteu-turnirin-zhengispen-bastady-video/