Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиадаға іріктеу турнирінде екінші қарсыласын жеңді

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/boxing_kazakhstan

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші қарсыласын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63,5 кг cалмақта Олимпиада лицензиясына таласып жатқан Мұхаммедсабыр турнирдің 1/16 финалында түрік боксшысы Мизан Айкөлден басым түсті.

Айта кетейік, Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік боксшы Кристиан Питт Лорентті ұтқан болатын.

Осыған дейін Назым Қызайбай (50 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

Бүгін, 28 мамырда тағы бір қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) шаршы алаңға шығады. Ол америкалық Шэра Мэй Патрисиомен қолғап түйістіреді.

Бангкоктегі лицензиялық турнир 2 маусымға дейін жалғасады. Бұл – Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы жарыс. Әзірге бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова ғана (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2108058-muhammedsabyr-bazarbaiuly-olimpiadaga-irikteu-turnirinde-ekinshi-qarsylasyn-da-zhengdi/