Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға бара алмайтын 18 жастағы қазақстандық боксшы қыз көз жасына ерік берді (видео)

Жарияланған күні:

Ұлжан Сәрсенбек
Ұлжан Сәрсенбек. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы айналымында қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

54 кг салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте АҚШ өкілі Шер Мэй Патрисиодан жеңіліп қалды.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы эмоцияға ерік беріп, көз жасын тыя алмады.

"Маған техника мен тәжірибе жетпеді деп ойлаймын. Ұтылғанымды мойындаймын. Бірақ берілмеймін, әлі өзімді көрсетемін. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істеп, екі есе еңбектенемін. Маған үміт артқан жандарға көп рақмет!", - деді Ұлжан "Qazsport" телеарнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, осыған дейін Назым Қызайбай (50 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ал ерлер арасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) екі қарсыласынан да басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2108523-olimpiadaga-ote-almagan-18-zhastagy-qazaqstandyq-boksshy-qyz-koz-zhasyna-erik-berdi-video/