Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы лицензиялық турнирде алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Наталья Богданова
Наталья Богданова. Фото: Аян Төлеген / Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

66 кг салмақта бақ сынап жатқан Наталья Богданова 1/16 финалда cербиялық боксшы Кристина Кулуховаға есе жіберді.

Бүгін, 29 мамырда тағы екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Римма Волосенко (60 кг) 1/8 финалда үндістандық Анкушита Бороенмен қолғап түйістірсе, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 кг) италиялық Джанлуилджи Малангаға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай (50 кг), Валентина Хальзова (75 кг) алғашқы айналымнан сүрінбей өтсе, Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) бірінші кездесуінде жеңіліп, жарысты аяқтады. Ал ерлер арасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) екі жекпе-жегінде де жеңіске жетті.

Бангкоктегі лицензиялық турнир 2 маусымға дейін жалғасады. Бұл – бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы жарыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2108667-qazaqstandyq-boksshy-litsenziialyq-turnirde-algashqy-qarsylasyn-zhengip-1-8-finalga-otti/