Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін: ХОК мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов рингте
Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) мүше ұлттық спорт федерацияларының атынан шыққан боксшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жіберілмеуі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Қазақстан – халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі. Ал аталмыш ұйымды, яғни IBA-ны ресейлік маман Умар Кремлев басқарады.

Әлеуметік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, IBA-ға Токио және Париж ойындарына іріктеу жарыстарын өткізуге рұқсат берілмеген. Енді IBA жұмысының ашық еместігіне байланысты қазіргі уақытта бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылмаған.

"Олимпиадалық боксқа сенімді, жақсы ұйымдастырылған халықаралық федерация керек. IBA құрамына кіретін кез келген боксшы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатыса алмайтыны қазірдің өзінде белгілі болды. Өзін құрметтейтін Ұлттық Олимпиада комитеті мұндай бокс федерацияларын өз мүшелігінен шығаруға міндетті", - делінген хабарламада.

IBA Олимпиадалық турнирді ұйымдастыруға қатысы болмаса да, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық беретінін айтты. Жалпы жүлде қоры 3,1 миллион доллардан асады. Бұл қаржы 100-ден астам боксшыға бөлінеді.

"Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ның сыйақы төлейтіні туралы ақпаратын естіді. Бірақ әдеттегідей бұл қаржының қайдан келгені мүлдем түсініксіз. Қаржылық есептің ашықтығының болмауы ХОК-тың IBA өкілеттіктерін мойындамауының себептерінің бірі болды", - делінген хабарламада.

2019 жылы ХОК IBA-ны (ол кезде AIBA) танудан бас тартқан еді. Олимпиададағы бокс турнирі сақталды, бірақ Токио ойындарында оны ХОК-тың арнайы комиссиясы өткізді. 2022 жылдың маусымында ХОК Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирі қайтадан IBA-дан тыс жерде өтетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2109438-qazaqstandyq-boksshylar-olimpiadaga-qatystyrylmauy-mumkin-hok-malimdeme-zhasady/