Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жемқорлық жегідей жеді, мен шаршадым": 25 жастағы боксшы Райан Гарсия мансабын аяқтады

Жарияланған күні:

Райан Гарсия
Райан Гарсия мен Девин Хейнидің жекпе-жегі. Фото: Cris Esqueda/Golden Boy/Getty Images

WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы және WBC титулына міндетті үміткер, WBC Silver әлем чемпионы Райан Гарсия мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы боксшы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен ресми түрде зейнетке шықтым. Жемқорлық жегідей жеді, мен шаршадым. Мен актерлікпен айналыса аламын және ән айтуға қабілеттімін. Мен жаттығуымды жалғастыра беремін, бірақ мен боксқа нүкте қойдым. Ең өкініштісі, мен керемет боксшы ретінде кетіп бара жатырмын. Мен өз жекпе-жегім арқылы адамдардың көңілін көтеремін, нокаутқа жіберемін. Мен боксты жақсы көремін. Міне, осы секілді дүниелер үшін көңілім құлазиды. Бәрі үшін дұға етемін және әркімнің өмірі керемет болады деп үміттенемін", - деп жазды Райан Гарсия.

Сәуір айында өткен соңғы жекпе-жегінде Райан Гарсия төрешілердің шешімімен отандасы Девин Хейниден басым түскен болатын. Осы жеңілістен кейін Хэйни бірінші жартылай орта салмақта WBC тұжырым бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды, бірақ Гарсия бұл белбеуді алған жоқ, өйткені салмақ өлшеу кезінде оның салмағы тиісті межеден 1,45 кг асып кеткен болатын.

Кейін тапсырған допинг сынамасының нәтижесінде Гарсия ағзасынан WADA-ның тыйым салынған препараттарының тізіміне кіретін остерин табылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Гарсия кәсіби рингте 26 жекпе-жек өткізіп, 25 жеңіске жетті (20 нокаутпен) және 1 жеңіліске ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2121030-zhemqorlyq-zhegidei-zhedi-men-sharshadym-25-zhastagy-boksshy-raian-garsiia-mansabyn-aiaqtady/