Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейде асығып кетеді": бас бапкер Мұхаммедсабыр Базарбайұлының кемшіл тұстарын айтты

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов командадағы ең жас боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Мұхаммедсабырдың ынта-жігері, жеңуге деген құлшынысы басқа боксшыларға қарағанда бөлек. Бірақ кейде қатты жеңгісі келіп, асығыстық танытады. Cол әдеті кедергі болып жатады. Бірақ онымен де жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек тактика жағынан 1-2 өзгерту керек. Мәселен алдыңғы қолмен жұмыс істеу қажет. Сол тұстарын жақсартса, сәтін салса, Олимпиададан бос қайтпайды деген үміттемін", - деді Айтжанов журналист Аслан Қаженовке берген сұқбатында.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өткен лицензиялық турнирде 63,5 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді. Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бокс бәсекелері 27 шілдеде басталады.

Еске салайық, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының құрамына кіріп, әскери ант бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2122680-keide-asygyp-ketedi-bas-bapker-muhammedsabyr-bazarbaiulynyng-kemshil-tustaryn-aitty/