Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нокаут королі" лақап атымен танылған қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте көтерілді

Жарияланған күні:

Сұлтан Зауырбек
Сұлтан Зауырбек. Фото: instagram.com/sultanzaurbek

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелерінде боксшылардың рейтингтерін жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дүниежүзілік бокс қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек бір позицияға көтеріліп, енді төртінші орында тұр. "Нокаут королі" саналатын ол өзінің соңғы жекпе-жегін маусым айында Болтонда (Ұлыбритания) өткізді. Бұл кездесуде ол бірінші раундта аргентиналық Роман Рубен Рейносоны нокаутқа жіберіп, екінші жеңіл салмақта WBA Continental атағын жеңіп алған болатын.

Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко 15-орынды сақтап қалды.

Жанқош Тұраров (6-орын) пен Батыр Жүкембаев (9-орын) бірінші жартылай орта дивизионда өз орындарын сақтап қалды.

Бұрын екінші орта салмақта оныншы орында тұрған Бек Нұрмағанбет рейтингтен шығып қалды.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін боксшы Евгений Павлов 14-орындағы позициясын сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2127369-nokaut-koroli-laqap-atymen-tanylgan-qazaqstandyq-boksshy-alemdik-reitingte-koterildi/