Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыз Таиландта титулдық жекпе-жек өткізеді

Жарияланған күні:

Боксшы Балауса Мұздиман
Боксшы Балауса Мұздиман. Фото: instagram/muzdi_____

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиман титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Балауса Мұздиман Instagram желісіндегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы жазба жариялады. Ол 25 шілдеде Таиланд астанасы Бангкокта WBA Asia титулы үшін 55 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

Балауса соңғы жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткізіп, үндістандық Моника Сингхты 46 секундта нокаутпен жеңген болатын.

Қазір қазақстандық боксшы қыз Boxrec порталының жеңіл салмақтағы рейтингінде 98-орында тұр. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды – 4-0.

Еске салайық, BoxRec порталы маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең үздік 10 боксшының рейтингін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2127372-qazaqstandyq-boksshy-qyz-tailandta-tituldyq-zhekpe-zhek-otkizedi/