Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан құрамасының Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Мырзағали Айтжанов
Мырзағали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңында маңызды дайындық жиынын аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшылар оқу-жаттығу жиынын жоғары деңгейде өткізді.

"Боксшыларымыздың жаттығу жиыны өте сапалы өткенін айту керек. Жігіттердің барлығы тапсырманы тиянақты орындады. Ең бастысы – ешкім ауырып қалған жоқ. Бәрі де бабына еніп келе жатыр.

Қазіргі таңда біз боксшыларға аздаған үзіліс бердік. Барлығы да үйлеріне кетті. Көп ұзамай қайта жиналамыз. 9-20 шілде аралығында Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны өтеді", - деді Айтжанов. 

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстанның ерлер командасы Олимпиадаға толық құрамда қатысады. Бұған дейін Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекелерінің толық кестесі жарияланғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2128281-myrzagali-aitzhanov-bokstan-qazaqstan-quramasynyng-olimpiadaga-daiyndygy-turaly-aitty/