Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін сабап, быт-шытын шығар": ақсақал боксшы Асланбек Шымбергеновке бата берді (видео)

Жарияланған күні:

Асланбек Шымбергеновке ақсақал бата берді
Асланбек Шымбергеновке ақсақал бата берді. Скриншот: tiktok.com/@kaz_o1_

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасы алдында үлкендерден бата алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Асланбек Шымбергеновке ақсақал бата берген видео тарады. "Қаршығадай өткір бол, қырандай биік бол" деген ақсақал боксшыны жігерлендіріп, сәттілік тіледі.

"Алға! Бәрін сабап, быт-шытын шығар. Құдалыққа бара жатқан жоқсың", - деді ақсақал.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов наурызда Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді. Ол Париждегі бәсекеде 71 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.

26 шілдеде басталатын Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2130753-barin-sabap-byt-shytyn-shygar-aqsaqal-boksshy-aslanbek-shymbergenovke-bata-berdi-video/