Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсыластарым, дайын болыңдар": Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы (4-0) Абылайхан Жүсіпов өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой бокста 2 жыл тәжірибе жинап, Қарағанды облысының бокс федерациясының және спорт басқармасының шақыруымен, қолдауымен әуесқой боксқа қайта оралып жатырмын. Жинаған тәжірибеммен туған өлкемде, Қарағандыда өсіп келе жатқан жас боксшыларға үлгі көрсетіп, оларды алға талпындырамын деген ойдамын. Қарағанды облысынан әлі де талай-талай Олимпиада ойындарының қатысушыларымен чемпиондары шығады деген ойдамын. Қарсыластарым, дайын болыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын", - деді Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021 жылдары), 2017 Ташкентте өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Кәсіпқой рингте отандасымыз 4 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2130819-qarsylastarym-daiyn-bolyngdar-abylaihan-zhusipov-auesqoi-boksqa-oralatynyn-malimdedi/