Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нокаутпен жеңемін": Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі алдында тосын мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін нокаутпен аяқтайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық боксшы 14 шілдеде Ресей тумасы, Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді.

"Сенбінің кешінде жылдам нокаут болады, иншаллах. Сондықтан жекпе-жектен кейін не істейтіндеріңді жоспарлай беріңдер", - деп жазды Әлімханұлы X желісіндегі ресми парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерінің иегері атанған болатын.

Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шықты. Ол венесуэлалық Эдисон Сальтаринмен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасап, бәс тігу мен құмар ойындардан аулақ болуға шақырғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2131722-nokautpen-zhengemin-zhanibek-alimhanuly-kelesi-zhekpe-zhegi-aldynda-tosyn-malimdeme-zhasady/