Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегінде қанша пайда табады

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде өтетін жекпе-жегінде қанша пайда табатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жәнібек Әлімханұлы Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғайды. Бұл кездесу 14 шілдеде Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді.

Sportysalaries cайтының мәліметінше, Әлімханұлы жекпе-жегі үшін 350 мың доллар (167 миллион теңге) алады. Ал оның қарсыласы 200 мың долларға (95 миллион теңге) ие болады. Бұдан бөлек қос боксшыға бонустар мен демеушілер тарапынан сыйақы берілуі мүмкін.

Айта кетейік, Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерінің иегері атанған болатын.

Ал Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, венесуэлалық Эдисон Сальтаринді бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2132385-zhanibek-alimhanuly-aldagy-zhekpe-zheginde-qansha-paida-tabady/