Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де Головкин сияқты супержұлдыз боламын": Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкин туралы айтты

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындығы және Геннадий Головкин туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Qazaq Stylе лақап атымен танымал Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді.

"Мен жекпе-жекке дайынмын. Михайловичтан ерекше ештеңе күтпеймін. Ол жеңіліп көрмеген, жақсы боксшы. Десе де мен сақадай саймын", - деді қазақстандық боксшы Boxingscene.com сайтына берген сұқбатында.

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы отандасы Геннадий Головкин туралы айтты.

"Мен АҚШ-та Головкин сияқты супержұлдыз боламын деп ойлаймын. Головкин екеуіміз әртүрліміз. Геннадий "мексикалық стильде" жұдырықтасқан болса, мен "қазақ стилін" танытып жүрмін. Біз отандаспыз, сондықтан адамдар бізді салыстырады. Бірақ ол менің ағам сияқты", - деді Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегінде қанша пайда табатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2132568-men-de-golovkin-siiaqty-superzhuldyz-bolamyn-zhanibek-alimhanuly-gennadii-golovkin-turaly-aitty/