Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкиннен жеңілген америкалық боксшы мансабын аяқтады

Жарияланған күні:

Даниэль Джейкобс пен Геннадий Головкин
Даниэль Джейкобс пен Геннадий Головкин. Фото: Al Bello/Getty Images

Америкалық боксшы Даниэль Джейкобс мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ол 2017 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Даниэль Джейкобс бокстан кеткені туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол соңғы рет шаршы алаңға 6 шілдеде шығып, отандасы Шейн Мослиге есе жіберген болатын.

"Мен мансабымды аяқтайтынымды мәлімдеймін. Боксқа ризашылығым мен алғысымды айтқым келеді. Ол менің өмірімді өзгертті және маған ең керек құндылықтарды сіңірді", - деді Джейкобс.

37 жастағы Джейкобс 2007 жылы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізген еді. Ол 2017 жылы наурызда қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан болатын. 12 раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімі бойынша Головкин жеңіске жетті.

Даниэль Джейкобс – WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы (2015-2017), IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2018-2019) және NABF нұсқасы бойынша орта салмақтағы Солтүстік Америка чемпионы (2010).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2134353-gennadii-golovkinnen-zhengilgen-amerikalyq-boksshy-mansabyn-aiaqtady/