Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас бапкерге 4 млн теңге: Бокс федерациясының президенті боксшыларға ақшалай сыйақы берді

Жарияланған күні:

Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп
Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп биыл Астанада өткен U22 Азия чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін спортшылар мен бапкерлерді ақшалай марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 4 миллион теңге, ал боксшыларға 1-2 миллион теңгеден табысталды. Айта кетейік, Астанада бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командалық есепте 1-орын алды.

Құрлық біріншілігінде 25 салмақ бойынша (13 ер, 12 әйел) жеңімпаздар анықталды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі. Ерлер командасында 13 медаль бұйырды (8 алтын және 5 күміс).

Азия чемпионы атанғандар:

  • 51 кг: Кенже Мұратұлы;
  • 54 кг: Нұрсұлтан Алтынбек;
  • 67 кг: Елнұр Сүйінбай;
  • 71 кг: Сабыржан Аққалықов;
  • 75 кг: Диас Молжігітов;
  • 80 кг: Ерасыл Жакпеков;
  • 86 кг: Темірлан Мұқатаев;
  • 92 кг: Бекнұр Батырбек.

Атақты қазақстандық боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Франция астанасында жұдырықтасатын боксшылардың әлеуетін бағамдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2136648-bas-bapkerge-4-million-boks-federatsiiasynyng-prezidenti-boksshylarga-aqshalai-syiaqy-berdi/