Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстаннан қоныс аударған қазақ боксшысы халықаралық жарыста жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Аман Қонысбеков
Аман Қонысбеков. Фото: instagram.com/amankonsbekov

Биыл Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген боксшы Аман Қонысбеков КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысының спорт басқармасының мәліметінше, Аман Қонысбеков 71 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтын медаль иеленді. Жарысқа Қазақстанның 15 аймағынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері қатысып, 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаған.

Айта кетейік, Аман Қонысбеков – бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл Қазақстанға көшіп келген еді. Қазір боксшы Түркістан облысының намысын қорғап жүр.

Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін алғаш рет шаршы алаңға мамырда шықты. Ол Астанада өткен "Елорда кубогі" халықаралық турнирінде бақ сынап, қола жүлде еншіледі. 20 жастағы боксшы жарыстың жартылай финалында өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2138655-ozbekstannan-qonys-audargan-qazaq-boksshysy-halyqaralyq-zharysta-zhengiske-zhetti/