Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело" келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

Сауль Альварес
Сауль Альварес. Фото: Valery Sharifulin/TASS/Getty Images

Бокстан екінші орта салмақ дәрежесіндегі абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (61-2-2, 39 КО) 14 қыркүйекте шаршы алаңға оралады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, мексикалық боксшының келесі жекпе-жегі 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

"Қазіргі таңдағы бокстың жарқын жұлдызы Канело Альварес 14 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Эдгар Берлангаға қарсы жұдырықтасады. Супер орта салмақтағы титулды қорғау туралы келісім аяқталуға жақын, деп хабарлайды ESPN. Сондай-ақ бұл күні Лас-Вегастағы The Sphere аренасында UFC 306 турнирі өтеді", - деп хабарлайды Майк Коппинджер Х желісіндегі ресми парақшасында.

34 жастағы Сауль Альварес соңғы рет биылғы жылдың мамыр айында рингке шығып, осы уақытқа дейін жеңіліс таппаған Хайме Мунгиядан айласын асырған болатын.

27 жастағы қарсыласы Эдгар Берланга өз мансабында 22 жеңіске қол жеткізген. Өзінің соңғы жекпе-жегін ирландиялық Пэдрейг Маккрориге қарсы өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2139034-kanelo-kelesi-zhekpe-zhegin-qashan-otkizetini-belgili-boldy/