Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыз бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, титул иеленді

Жарияланған күні:

Балауса Мұздиман
Балауса Мұздиман. Фото: instagram.com/muzdi___

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман Таиландта титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Балауса Мұздиман таиландтық боксшы Джиттамат Пхомтамен WBA Asia титулы үшін жұдырықтасты. Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша Балауса кәсіпқой рингте бесінші жеңісіне қол жетізіп, WBA Asia белбеуін иеленді. Ал Джиттамат Пхомта бесінші мәрте жеңіліске ұшырады.

Балауса Мұздиман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткізіп, үндістандық Моника Сингхты 46 секундта нокаутпен жеңген болатын. Қазір қазақстандық боксшы Boxrec порталының жеңіл салмақтағы рейтингінде 95-орында тұр.

Айта кетейік, Балауса Мұздиман сәуірде спаррингтік жарыста Жайна Шекербековадан жеңіліп, Олимпиадаға іріктеу турниріне бара алмай қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2139687-qazaqstandyq-boksshy-qyz-birinshi-raundta-tehnikalyq-nokautpen-zhengip-titul-ielendi/