Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев: Жанкүйерлерді Олимпиада жүлдесімен қуантамын

Жарияланған күні:

Қамшыбек Қоңқабаев
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Luis Robayo/Getty Images

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында жүлдеден үмітті спортшылардың бірі. Былғары қолғап шебері байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілсем дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарына биыл екінші рет қатысады. Токио Олимпиадасында бақ сынаған қазақстандық боксшы қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Сондай-ақ 2017 және 2019 жылдары өткен әлем чемпионаттарында күміс жүлдеге қол жеткізген. Былғары қолғап шебері биылғы Олимпиадада барын салатынын айтты.

"Олимпиадаға дайындығымды пысықтадым. Біріккен оқу-жиындарына қатыстым. Алдымда үлкен мақсат бар. Париж Олимпиадасында жанкүйерлерімді жүлдемен қуантсам деймін. Әрбір уақытымды бос жіберген жоқпын. Сол жолда тынбай тер төктім", - деді Қамшыбек Қоңқабаев.

Айта кетейік, көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ал бокс бәсекесіндегі жеребе тарту рәсімі бүгінге, 25 шілдеге жоспарланған.

Бұл додада бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) қорғайды.

Әйелдер құрамасынан тұңғыш аш рет үш боксшы қатысады. Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Назым Қызайбай (50 кг) сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2139688-qamshybek-qongqabaev-zhankuierlerdi-olimpiada-zhuldesimen-quantamyn/