Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға түсіріп жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: kazsports.kz

Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 92 кг дейін салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай бірінші кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Айбек Оралбай 1/8 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Алғашқы айналымда қазақстандық боксшы нигериялық Олайтан Адам Олаоремен шеберлік байқасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Айбек Оралбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (30:26, 30:26, 30:26) жеңіске жетті. Осылайша, ол ширек финалға жолдама алды.

Жекпе-жектің бірінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.

Сонымен қатар, бүгін ерлер арасында 71 кг дейін салмақ дәрежесінде Асыланбек Шымбергенов, әйелдер арасында 50 кг дейін салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2140851-aibek-oralbai-qarsylasyn-nokdaunga-tusirip-zhengiske-zhetti/