Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осал қарсылас жоқ": Айбек Оралбай байрақты бәсекеде барын салатынын айтты

Жарияланған күні:

Боксшы Айбек Оралбай және бас бапкер Мырзағали Айтжанов
Боксшы Айбек Оралбай және бас бапкер Мырзағали Айтжанов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада ойындарындағы алғашқы жеңісінен кейін сұқбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олимпиада ойындарына әлемнің үздік 16 боксшысы келеді. Әр қарсыласқа жеке әдіс-тәсіл қолданып, дайындаламыз. Бұл жерде осал қарсылас та жоқ. Бірінші жекпе-жек ойдағыдай өтті. Рингты, қарсыласты, залды сезініп, үш раунд жақсы жұмыс істедім. Ел үмітін ақтауға тырысамын. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет", - деді боксшы Айбек Оралбай.

Айта кетейік 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы нигериялық Олайтан Адам Олаоремен шеберлік байқасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Айбек Оралбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (30:26, 30:26, 30:26) жеңіске жеткен болатын. Осылайша, боксшымыз ширек финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2140923-osal-qarsylas-zhoq-aibek-oralbai-bairaqty-basekede-baryn-salatynyn-aitty/