Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды": Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегін қорытындылады

Жарияланған күні:

Валентина Хальзова мен Атеина
Валентина Хальзова мен Атеина. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

Бокстан 75 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Валентина Хальзова алғашқы айналымдағы жеңілісінің себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы.

Бірақ мен  алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәл болдым. Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы демала алмай, капа арқылы демалуға тырыстым.

Төрешілік туралы не айтамын? Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды. Әрине өкінішті. Қаншама жұмыс істеліп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалады деп сенемін", - деді Хальзова. 

Айта кетейік, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері Елдос Сейдалин төрешілер тарапынан ешқандай бұра тарту болған жоқ деп есептейтінін мәлімдеген еді.

Осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев, Асыланбек Шымбергенов және Махмұд Сабырхан Олимпиада ойындарын мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Енді олардың қатарына Хальзова да қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2142942-tobelesten-song-zhudyryq-zhumsamaidy-valentina-halzova-algashqy-zhekpe-zhegin-qorytyndylady/