Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан немесе Өзбекстан: қай елден көп боксшы Олимпиаданың ширек финалына өтті

Жарияланған күні:

Айбек Оралбай үзіліс кезінде. Ташкент, 1 мамыр 2023 жыл
Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы бокс бәсекесінің ширек финалына шыққан былғары қолғап шеберлері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Олимпиаданың алғашқы айналымында қазақстандық 7 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шыққан еді. Оның төртеуі ширек финалға өтті. Атап айтқанда Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) келесі кезеңде сынға түседі.

Ал Өзбекстан құрамасының 7 боксшысы да ширек финалға жолдама алды. Бұл команда ширек финалға өткен боксшылар саны бойынша көш бастап тұрса, Қазақстан және Испания құрамасы екінші орында (4 боксшы) тұр.

Ширек финалда Франция және Куба мемлекеттерінен үш боксшы сынға түссе, Доминикан Республикасы, Аустралия, АҚШ, Болгария, Әзербайжан және Бразилиядан екі боксшы, ал Замбия, Кабо-Верде, Филиппин, Қырғызстан, Жапония, Канада, Мажарстан, Таиланд, Грузия, Дания, Иордания, Ұлыбритания, Үндістан, Мексика, Хорватия, Украина, Бельгия, Ирландия, Тәжікстан, Италия, Германия, Эквадор және Армения құрамаларынан бір боксшыдан бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай Олимпиаданы жалғастырады. Валентина Хальзова алғашқы қарсыласынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған еді. Ал Карина Ибрагимова 2 тамызда алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2142985-qazaqstan-nemese-ozbekstan-qai-elden-kop-boksshy-olimpiadanyng-shirek-finalyna-otti/