Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарапайым отбасынан шығып, осы деңгейге жетті": Мұхаммедсабыр Базарбайұлының ағасы желіде жазба жариялады

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: Instagram/emilomorov

Кеше Париж Олимпиадасында жеңіліс тапқан отандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлының ағасы желіде жазба жариялап, оған қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының ағасы Instagram-дағы парақшасында інісінің бала күнгі суретін жариялап, көпшілікке көрсетті. Спортшының бауыры оның жоғары деңгейге жетіп, үлкен нәтиже көрсету үшін көп еңбектенгенін айтты.

"Рахмет бәріңізге! Спортшыларымызды, батырларымызды әрқашан қолдаңыздар! Қолдау білдірген көпшілікке көп рақмет! Мұхаммедсабыр спортшы қандай болу керек екенін көрсетті. Қарапайым отбасынан шығып, осындай деңгейге жетті. Керемет жекпе-жектер өткізді. Інім, сені мақтан тұтамыз. Құдай қаласа, бұл тек бастамасы", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалда грузиялық боксшыға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2143629-qarapaiym-otbasydan-shygyp-osy-denggeige-zhetti-muhammedsabyr-bazarbaiulynyng-agasy-zhelide-zhazba-zhariialady/