Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
57 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Карина Ибрагимова 1/8 финалда Пуэрто-Рико өкілі Эшлионн Лосада Моттамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасынан тек Назым Қызайбай (50 кг) Олимпиаданы жалғастыратын болды. Ол бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейданы жеңіп, ширек финалға өткен еді. Ал Валентина Хальзова (75 кг) 1/8 финалда Панама өкілі Атейна Билонға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Ерлер арасында жеті қазақстандық боксшының бесеуі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады. Жартылай финалға әзірге Нұрбек Оралбай (80 кг) ғана өтті. Бүгін, 3 тамызға қараған түні Сәкен Бибосынов (51 кг) өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен жартылай финалдың жолдамасы үшін жұдырықтасады.
- Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының финалына шыға алмады
- Нұрбек Оралбай: Парижге алтын медаль үшін келдік
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2143942-parizh-2024-qazaqstandyq-boksshy-algashqy-qarsylasynan-zhengilip-qaldy/