Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның тарихи жетістігі: боксшы ел тарихында тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды (видео)

Жарияланған күні:

Мұнарбек Сейітбекұлы мен Джамал Харви
Мұнарбек Сейітбекұлы мен Джамал Харви. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

57 кг салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық кездесуде қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы бұл турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын 2021 жылғы әлем чемпионы және 2023 жылғы Панамерикан ойындарының чемпионы Джамал Харвимен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қырғызстандық боксшыға берді (2:3).

Осылайша Мұнарбек Сейітбекұлы Олимпиаданың жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлде иеленді. Бұл Қырғызстан тарихындағы бокстан тұңғыш Олимпиада жүлдесі саналады. Төмендегі видеода боксшының жеке жаттықтырушы Беганас Сұлтанбаевтың шәкіртінің жеңісіне қуанған сәтін көруге болады. Айта кетейік, Мұнарбектің жеке бапкері Беганас Сұлтанбаев бапкерлерге бөлінетін аккредитация санының шектеулі болғанына байланысты Парижге бара алмады. Қырғызстандық боксшыларды жарысқа тек ұлттық құраманың бас бапкері алып барды.

Қырғызстандық боксшы 1/8 финалдық кезеңінде кубалық Орта Родригес дель Рейді 3:2 есебімен жеңген болатын. Ал 9 тамызда 2023 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы болгариялық Хавьер Ибаньеспен жартылай финалдық кездесу өткізеді.

Бұл салмақ дәрежесінде қазақстандық Махмұд Сабырхан сынға түскен болатын. Ол бірінші айналымда испаниялық Хосе Кильеске 4:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2144527-qyrgyzstannyng-tarihi-zhetistigi-boksshy-el-tarihynda-tunggysh-olimpiada-zhuldegeri-atandy-video/