Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтынға екі үмітіміз бар": Ермахан Ибраимов екі қазақ боксшысынан жүлде күтетінін айтты

Жарияланған күні:

Ермахан Ибраимов
Ермахан Ибраимов. Фото: youtube.com/@ruslansport

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бокстан екі алтын жүлде түседі деп үміттенетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Париж Олимпиадасы тәуелсіз Қазақстан спортшылары үшін сегізінші жазғы Олимпиада болып отыр. Біздің боксшылар Токио Олимпиадасын қоспағанда, барлық ойындарда алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан мен Өзбекстан ғана лицензиялардың толық жиынтығын еншіледі және барлық салмақ дәрежесінде Парижге аттанды.

Өкінішке орай барлық боксшымыздың ішінен Нұрбек Оралбай ғана финалға жолдама алды. Ал әйелдер арасында тек Назым Қызайбай жарысты жалғастырып жатыр. Осылайша бізде алтынға екі үміт бар. Біз соңына дейін үміттенеміз. Нұрбек Оралбайдың қарсыласы бізге таныс, ол Украинадан. Біздің боксшы оны сауатты тактика құрған жағдайда жеңе алады деп санаймын. Назым Қызайбайдың да елге алтын әкелуге мүмкіндігі бар", - деді Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай украиналық боксшы Александр Хижнякпен Олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады. Ал Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай өкілі Ву Юмен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2144986-altynga-eki-umitimiz-bar-ermahan-ibraimov-eki-qazaq-bokshysynan-zhulde-kutetinin-aitty/