Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Жарияланған күні:

Садриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов. Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов 31 тамызда АҚШ-та Hollywood Fight Nights шоу сериясы аясында жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Садриддин Ахметов америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек туралы ақпарат шоуды ұйымдастырушы 360 Promotions промоутерлік компаниясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Садриддин Ахмедовты қарсы алыңыздар, Қазақстаннан. Ол өзінің АҚШ-тағы дебютті жекпе-жегін 31 тамызда UFC Fight Pass-та өткізеді. Әуесқой бокста 200-ден астам жеңісі бар Ахмедов Антонио Тоддпен жұдырықтасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Садриддин Ахметов соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың желтоқсан айында шығып, оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-12-1, 18 КО) нокаутпен жеңген болатын. Ахмедовтың кәсіпқой рингтегі рекорды – 13-0. Ол 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145051-zhengilip-kormegen-qazaqstandyq-boksshy-aqsh-ta-zhekpe-zhek-otkizedi/