Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын медаль алғым келген": Назым Қызайбай жеңілісінен кейін көзіне жас алды

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай Азия ойындарында
Назым Қызайбай. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасы аясында өткен бокс бәсекесінің жартылай финалында жеңіліс тауып, қола жүлдегер атанғаннан кейін сұқбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Назым Қызайбай "Хабар" теларнасына берген сұқбатында жартылай финалдық бәсекеде жеңіс үшін барын салғанын айтты.

"Ұтуға барымды салдым. Бірақ Қытай қызы барын салды. Қатты ұрамын деп арасында қатып қалдым. Барлық қарсылас бірдей.

Қатты ұтқым келді. Алдап кетіп істейін деп едім... Әттеген-ай дейтін тұстарым бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз", - деді Назым Қызайбай.

Айта кетейік, Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде Назым Қызайбай бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық Александр Хижнякпен финалда кездеседі. Жекпе-жек 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні сағат 01:51-де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145502-altyn-medal-algym-kelgen-nazym-qyzaibai-zhengilisinen-keiin-kozine-zhas-aldy-video/