Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында былғары қолғап шебері Назым Қызайбайдың жартылай финалдық бәсекесі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Назым қолынан келгеннің барлығын жасады. Ешқандай реніш жоқ. Барын салды. Олимпиадада төрт кездесу өткізіп, төрт кездесудің барлығында жақсы өнер көрсетті.
Жартылай финалдық бәсекені өздеріңіз көрдіңіздер. Мықтыны мықты деп мойындауымыз керек. Бұл спорт. Бұл жерде жеңімпаз бар, бір спортшы жеңеді, бір спортшы жеңіледі. Назым менің үшін батыр қыз", - деді бас бапкер Елдос Сайдалин.
Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде Назым Қызайбай бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145510-bas-bapker-eldos-saidalin-nazym-men-ushin-batyr-qyz/