Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Команданың көшбасшысы": Головкин қола жүлдегер атанған Назым Қызайбайды құттықтады

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сәрсенбіге қараған түні спортшы 50 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл Қазақстан бокс құрамасының 2024 жылғы ойындардағы алғашқы жүлдесі.

"Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. 

Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!", - делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145546-elimizdegi-aielder-boksynyng-zharqyn-okili-golovkin-qola-medal-algan-nazym-qyzaibaidy-quttyqtady/