Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтын үшін талас: Серік Сәпиев финалдық жекпе-жек алдында Нұрбек Оралбайға кеңес берді

Жарияланған күні:

Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасында
Серік Сәпиев. Фото: sports.kz

Даңқты боксшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев бүгін финалда жұдырықтасатын Нұрбек Оралбайға кеңес берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Серік Сәпиевтің видеосы "Қазақстан" телеарнасыынң Instagram-дағы парақшасында жарияланды

"Украиналық боксшы алға баса береді. Оралбайға артқа қайтпау керек. Соңына дейін тұру керек. Болды, ұрса, тәсілдерін көрсетсе, ұтады деп сенемін. Алға Қазақстан! Еліміздің атын шығарып жатырсың. Жеңіске жете бер!", - деді спортшы.

Айта кетейік, 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты. Ол украиналық боксшы Александр Хижнякпен алтын жүлдеге таласады. Тартысты жекпе-жек бүгін, 7 тамызда Астана уақытымен 01:51-де басталады.

Ал боксшы Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасты. Алайда қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен жеңіліп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Жалпы, Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан жеті боксшы, әйелдер құрамасынан үш боксшы барды. 10 қазақстандық боксшының сегізі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145592-altyn-ushin-talas-serik-sapiev-finaldyq-zhekpe-zhek-aldynda-nurbek-oralbaiga-kenges-berdi-video/