Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері": Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Александр Хижняк
Александр Хижняк. Фото: Buda Mendes/Getty Images

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) Париждегі Олимпиада ойындарының финалында украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

29 жастағы украиналық боксшы Александр Хижняк 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысып, күміс жүлде еншілеген болатын. Ол 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ сол жылы Харьковте өткен Еуропа біріншілігінде алтын медаль иеленген еді.

24 жастағы қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтын жүлде еншілеген болатын. 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 1/8 финалдық кездесуінде аустралиялық Каллум Питерсті, ширек финалда әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевті, жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналесті жеңген болатын.

Украиналық боксшы Александр Хижняк 1/8 финалда венгриялық Филипп Акиловті, ширек финалда бразилиялық Вандерлей Де Соуза Перейра, жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті жеңген еді.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк арасындағы финалдық бәсеке 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні сағат 01:51-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145697-alem-chempiony-olimpiada-zhuldegeri-nurbek-oralbaidyng-finaldagy-qarsylasy-turaly-ne-bilemiz/