Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғынан шалып, тосқауыл қойды": Шавкат Рахмоновтың қарындасы Назым Қызайбайға қолдау білдірді

Жарияланған күні:

Сора Рахмонова
Сора Рахмонова. Фото: instagram.com/ sora_rakhmonova_

Отандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бокшысы Назым Қызайбайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үш дүркін чемпионы Сора Рахмонова Назым Қызайбайдың жүріп өткен жолын еске алды. Ол күні кеше қытайлық боксшыға есе жіберген отандасымызға қолдау білдіріп, жазба жариялады.

"Сен біз үшін чемпионсың, Назым! Он жылдан аса уақыт! Жанып тұрған кезі! Тыс қалған екі Олимпиада! Назымды дер кезінде бағаламадық! Қолда барда алтынның қадірін білмедік! Бәрібір алмас қылыш қап түбінде жатпайды екен! Аяғынан шалған, жолына тосқауыл қойған кедергілерге қарамастан, Назым бәрібір Олимпиададағы өзіне тиесілі жүлдесін алды.

Тағдырдың бермесін тартып алды десе де болады! Сенің спорттағы жолың барша қазақ қыздарына үлгі! Біз сенімен мақтанамыз, Назым! Сен біз үшін чемпионсың! Олимпиаданың қола жүлдесі құтты болсын, қазақ елі!", - деп жазды Сора Рахмонова Instagram желісіндегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2145748-aiagynan-shalyp-tosqauyl-qoidy-shavkat-rahmonovtyng-qaryndasy-nazym-qyzaibaiga-qoldau-bildirdi/