Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрімізден кінә бар": бокс федерациясының басшысы биылғы Олимпиада туралы ойын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп
Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылады. Ол былғары қолғап шеберлері көрсеткен нәтижеге кім кінәлі екенін айтты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Шахмұрат Мүтәліп өз сөзінде боксқа үлкен реформа қажет екенін алға тартты.

"Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарабынан да, жаттықтырушылар тарабынан да кінә бар. Қатемізді, кем-кетіктерді көріп, бір шешімге келдік. Біздің боксымызға үлкен реформа қажет.

Жасөспірімдерден бастап Қазақстан чемпионаттары мен әр облыс чемпионаттарында әділ әрі таза іріктеу жүргізіп, боксшыларымыздың деңгейін көтеріп, жаңа бағытта жұмыс істеп, Куба және Америка елдерінен мамандарды шақырып, өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Қазақстан чемпионаты, әлем чемпионаттары бар, одан кейін Лос-Анджелестегі Олимпиада бар. Сол жарыстарда, сол додаларда топ жаруға бар күшімізді салып, еңбек етеміз", - деді ол.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы елге екі Олимпиада қатарынан алтын жүлдесіз оралды. Биыл Парижде 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль иеленді. Олимпиада ойындарындағы боксшылардың нәтижесіне қатысты бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2146965-aqtalatyn-zhaiymyz-zhoq-boks-federatsiiasynyng-basshysy-biylgy-olimpiada-turaly-oiyn-aitty-video/