Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім бос": Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

Париждегі жазғы Олимпиадада күміс жүлде жеңіп алған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елге оралған Нұрбек Оралбайды әуежайдан қарсы алу кезінде журналистердің бірі боксшыдан жеке өмірі туралы сұрады. "Әкеңіз биыл сізді үйлендіруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Сол жағы қалай болып жатыр?" деген сұрақ қойды журналист.

"Енді көре жатармыз. Бірақ қызым жоқ, жүрегім боc. Бұйырған күні үйленетін шығармыз", - деді боксшы.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай болашақ жары қандай болуы керегін айтты.

"Ақылды, иманды қыз болуы керек. Боксты білуі маңызды емес", - деді Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалында Украина спортшысы Александр Хижнякпен жұдырықтасқан еді. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлде иеленді.

Бүгін, 12 тамызда Нұрбек Оралбай елге оралды. Боксшыны Астана әуежайында ата-анасы, туыстары, жанкүйерлері мен спорт мамандары күтіп алды. Ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаев Олимпиаданы қорытындылап, ендігі жоспар туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2147821-zhuregim-bos-olimpiadanyng-kumis-zhuldegeri-nurbek-oralbai-zheke-omiri-turaly-aitty/