Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл тек бастамасы": боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына ағалары ат мінгізді (видео)

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Видеодан кадр: Instagram/emilomorov

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына жақындары қолдау білдіріп, оған ат мінгізді. Олар спортшының алар асуы әлі алда екеніне сенімді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхамедсабыр Базарбайұлының ағасы Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, достары інісіне ат сыйлағанын хабарлады. Бейнежазбада бір топ ер азаматтың боксшыға атты табыстап жатқанын көруге болады.

"Ассаламағалейкум! Жеңісте де, жеңілісте де, әр қашанда қолдап жүрген достарыма үлкен рақмет! Ініміздің еңбегін бағалып, ат мінгізді! Құдай қаласа бұл тек бастамасы! Алға", - деп жазды спортшының ағасы Эмиль Оморов.

Айта кетейік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарында 63,5 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберді. Алғашқы раундта отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетсе, кейінгі екі раунд грузиялықтың пайдасына шешілді. Нәтижесінде Мұхаммедсабыр 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осы жекпе-жектен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті нәтижені түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді. ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешованың айтуынша, Базарбайұлы жеңіске жеткен.

Әлеуметтік желілерде отандасымыздың бұл жекпе-жегін қазақстандықтар да қызу талқылап, жеңіс Базарбайұлына берілуге тиіс деп есептейтінін жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148007-bul-tek-bastamasy-boksshy-muhammedsabyr-bazarbaiulyna-agalary-at-mingizdi-video/