Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Карина Ибрагимова: Біз шаршы алаңда көз жасымызды көрсетпейміз

Жарияланған күні:

Карина Ибрагимова
Карина Ибрагимова. Фото: Нургали Жумагазы

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Instagram желісіндегі ресми парақшасында Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біріншіден, маған үміт артқан, сенген жандардан кешірім сұрағым келеді… Әсіресе жаттықтырушылардан...

Біз боксшымыз, өте күштіміз, біз шаршы алаңда немесе жекпе-жектен кейінгі сұқбатта көз жасымызды көрсетпейміз, біз болған жайттың бәрінде де өзімізді кінәлі деп санаймыз. Өкінішке қарай, мен ерекше күткен жүлдемді жеңіп ала алмадым. Бұл жолда көптеген кедергі болды, бірақ мен жазбаймын, бұл өмір және мен қиындықтардан қашпаймын.

Әрине, осы 4 жылдағы ұзақ жұмыс пен көрсеткен табандылығымның соңы басқаша аяқталды. Мен қазір сезінетін бұл сезім мен көңіл күй мені одан әрі күшейтетініне сенімдімін. Осы жолда менімен бірге болған жандарға алғыс айтамын", - деді Карина Ибрагимов.

Айта кетейік, әйелдер арасында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында Пуэрто-Рико спортшысы Эшлиян Лосада Моттадан жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148184-boksshy-karina-ibragimova-biz-sharshy-alangda-koz-zhasymyzdy-korsetpeimiz/