Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуіміз интернатта бірге өстік": Бақыт Сәрсекбаев бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкеріне жазба арнады

Жарияланған күні:

Толқын Қылышев пен Бақыт Сәрсекбаев
Толқын Қылышев пен Бақыт Сәрсекбаев. Фото: instagram.com/b.sarsekbayev

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевқа жазба арнап, оны шәкірттерінің Париждегі жетістігімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бокстан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг) Олимпиада чемпионы атанды.

"Мен Толқынды бала кезінен білемін. Екеуіміз интернатта бірге өстік, бірге оқыдық, ұстаздардан тәлім алдық. Сол кездегі достығымызды ұмыту мүмкін емес. Бауырым, Толик! Сені командаңның жарқын жетістігімен құттықтаймын! Сендер тарих жасадыңдар! Сенің еңбекқор екеніңді білемін, осы жетістік үшін барыңды салдың. Саған зор денсаулық тілеймін!", - деп жазды Бақыт Сәрсекбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Еске салайық, Толқын Қылышев Парижде шәкіртінің жеңісін тойлау кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскен еді. Кейін өзбекстандық боксшылар бапкердің жағдайын білуге барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2148270-ekeuimiz-internatta-birge-ostik-baqyt-sarsekbaev-ozbekstan-boks-quramasynyng-bas-bapkerine-zhazba-arnady/